ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жаңашылдық бастауы

13:33, 20 мамыр 2022

Елдің негізгі заңына түзетулер бойынша референдумға екі апта уақыт қалды. Бұл жолы Президент Ата Заңды Парламент қабырғасында емес, халықтың таңдауына салуды ұсынды. Өңірлерде осыған байланыты дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өскеменде облыстық қоғамдық штаб референдумды қолдау аясында үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өткізді.

 «Жаңа Қазақстанның» саяси реформасының бағыты әділетті қоғам қалыптастыруды көздейді. Басқосуға жиналғандар ең әуелі мемлекеттік маңызды мәселені халықтық дауысқа салудың артықшылықтары жайлы сөз қозғады. Ел тағдырын түбегейлі өзгертуге негіз болатын Конституциялық реформаны халыққа дұрыс жеткізіп, түсіндірудің маңыздылығына тоқталды.

Жиында мемлекетті жетілдіру, жаңғырту және нығайтуға бағытталған реформаларға қатысты мәселелер де сөз болды. Облыстық прокуратураның ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғазиз Найзабаев конституциядағы түзетулерде адам құқықтарының теңдігі, демократия қағидаларының сақталуына басымдық берілгендігіне айрықша тоқталды.

Халық билікке, билік азаматтарға сену керек, дейді қоғам белсенділері. Ал, мемлекеттің басты құқықтық құжатын билік емес, тұрғындардың қабылдауы «Жаңа Қазақстанның» жарқын көрінісі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар