ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жаңашыл ұстаздар

17:16, 18 қаңтар 2022

Аймақта өз ісінің нағыз шебері атанған білікті мұғалімдер көп. Олар оқушыларға сапалы білім берумен қатар, ұрпақ тәрбиесімен де айналысуда. Сондай-ақ, заман ағымына сай технологияның да тілін меңгеріп, түрлі әдіспен оқытуға тырысады. Тіпті, онлайн-блогтар ашып, жаңаны үйретуге ниетті.

Евгения Леунова мамандығын мақтаныш ететін математика пәні мұғалімі. Оқушыларын өз баласындай көреді. Сүйікті ісімен айналысқан ұстаз білім ордасын өзінің екінші үйі деп санайды. Мұғалім мектеп табалдырыған аттаған сәттен бастап, өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарау керек екенін жанымен түсінеді. «Бүгінгі күні қолданысқа енген заманауи технология жұмысымыздың бір бөлігіне айналды. Аз уақыт ішінде өз тиімділігін де көрсетіп үлгерді. Ең алдымен уақытты үнемдейді»- дейді Евгения Леунова. Мәселен, блог құру идеясы өткен жылы пайда болған. Алдымен шағын мектеп сайтын құрып, әртүрлі бағдарламалар ойластырып, тіпті редакторлықпен де айналысқан. Кейін, бұл қызығушылықтары үлкен бір арманның орындалуына әкелді. Ұстаз өз блогында  5-11 сыныптарға арналған математика тапсырмаларын егжей-тегжейлі талдайды. Ал, мұндағы басты мақсат - ата-аналар мен педагогтерге көмектесу.

Ирина Бутова да YouTube-те өзінің оқыту блогын жүргізеді. Бірақ сәл өзгеше форматта. Оқушылар қолдан келгенше көмектеседі. Оның айтуынша, балалар физиканы жақсы көріп, тез түсінуі үшін сабақты қызықты және түсінікті тілде өткізу керек. Мысалы, оқушылар 3D модельдеу курстарында физикалық модельдерді құруды жақсы көрді.

Педагогтер заман ағымына сай болуға тырысуда. Олар стандартты білім беру жүйесінен бөлек, өздері де үнемі ізденіс үстінде. Сабақты қызықты әрі түсінікті, жеңіл жүргізуге тырысады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...