ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ?

17:15, 12 мамыр 2021

Қазақстанда жанармай бағасы күрт қымбаттады. Өскемендегі жанармай бекеттерінің көпшілігінде баға мамыр айында 200 теңгеге дейін шарықтап кеткен. Облыстың кейбір аудандарында бензин құны 200 теңгеден асып жығылған. Жыл басында Өскеменде АИ-92 маркалы жанармай бағасы 156 теңгені құраған болатын. Енді аталған жанармай бағасы 180 теңгеге дейін көтеріліп, 95 маркалы жанармай бағасы 200 теңгеге бір-ақ жеткен. Қоғамда жиі қойылатын «Жанармай неге қымбаттады?» деген сұраққа бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық Банкінің төрағасы Ерболат Досаев жауап берді. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайдың бірнеше себебі болуы мүмкін. Жанармай бағасына әсер ететін бірнеше фактор бар, олар: шикізаттың көтерме бағасы, салық және акциз көлемі. Алайда, жанармай бағасының осындай көрсеткішке жетуінің бірден-бір себебі - шикізаттың импортталуы. Отандық зауыттардың үштен бір бөлігі өнімді Ресейден әкеледі. Ал көршілес елдегі жанармай бағасы 200 теңгеге шаққанда бұл көрсеткіштен әлдеқайда асып кеткен. Алдағы уақытта баға осы көрсеткіште тұрақтамайды дейді мамандар. Олардың айтуынша, жақын арада жанармай бағасы рекордтық көрсеткіштерге жетуі мүмкін.  Бұл дегеніміз, күнделікті тұрмыстық өнімдер, атап айтсақ, азық-түлік бағасы қымбаттауы әбден мүмкін.

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...