ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жаңа технология енгізілді

13:31, 24 мамыр 2022

Өскеменде көпбейінді онкология және хирургия орталығында жаңа құрылғы сәтті қолданылуда. Құрылғы  32 кесімді КТ-симулятор деп аталады. Ол сызықтық үдеткіште радиациялық ем қабылдайтын  науқастардың дайындығын жүргізуге арналған.

Құрылғы ісіктің орналасқан жерін нақты анықтап қана қоймай, сәулелік онкологиямен емдеуде науқастың сау тіндерінің зақымдануын азайтуға мүмкіндік береді. Сәулеге дейінгі дайындық дегеніміз бұл науқасты сәулемен жоспарлы түрде емдеудің алғашқы  кезеңі. Дайындық кезеңінде ісіктің орналасуы мен мөлшері, конфигурациясына дейін, тіптен науқастың анатомиялық деректері туралы ақпарат жиналады.

Мәселен, ультра дәлдікті лазерлік қашықтан басқару жүйесі науқастарды емдеу кезінде дозалардың сызықтық үдеткіштерге дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді. Жаңа  технология емдеу кезінде сау тіндердің зақымдануын азайтады.

Облыстың медициналық мекемелерінде жаңа технологияларды енгізу науқастарды емдеу мен ауруды ерте  диагностикалаудың мүмкіндігін арттыруда. Бұл дегеніміз құрылғы  жүздеген науқасқа өмір сыйлайды деген сөз.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар