ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жаңа спорт кешені

13:31, 3 мамыр 2022

Қалада мамандандырылған үстел теннисінің орталығы ашылды. Осылайша облыс орталығының спорттық кластері тағы да бір заманауи нысанмен толықты. Ашылған орталық әлемдік стандарттарға сай, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарды өткізуге қабілетті. Айта кету керек, өңірде 450-ден астам теннис секциялары жұмыс істейді. Онда 11 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады.

Үстел теннисі – әлемде кең тараған спорт түрі. Шапшаңдылық пен ептілікті қажет ететін спорттың бұл түрінен бапкерлердің біліктілігі артып, бұқаралық спортқа айналды. Енді қала тұрғындарының әуесқой және кәсіби спортпен айналысуына мүмкіндіктері бар.

Орталықта үстел теннисінен балалар  мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс істейтін болады. Оған кәсіби жаттықтырушылар арнайы тартылады.

Салтанатты шарада үстел теннисі орталығының ашылуына арнайы өткізілген ШҚО чемпионатының жас жеңімпаздары марапатталды.

Бұл біздегі жас спортшыларға жігер беріп қана қоймай, олардың шеберлігін арттыруға көмектеседі,дейді спортшылар. 

Сондай-ақ, ғимаратта спортшыларды оңалту мен физиотерапияға арналған медициналық диспансер де орналасқан. Бұл жерде тек балалар мен ересектер ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар адамдар да жаттыға алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар