ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жаңа сот жүйесі

17:30, 26 қараша 2021

Өскеменде облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте жаңа әкімшілік сот ісін жүргізу түрін реттеуді және құқықтық даулар бойынша әкімшілік сот ісінің жаңа тетіктерін енгізуге бағытталған жоспарлар талқыланды.Арқау болған тақырып 2021 жылдың 1 шілдесінен өз жұмысын бастаған облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соңғы 4 айда атқарған жұмысы. Жауапты мамандар әкімшілік сот мекемесіне шағым айтып келетіндердің қарасы мол екенін жеткізді. Осы уақыт ішінде 426 талап арыз түскен. Олардың басым көпшілігі жеке және жергілікті сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қанағаттанбау және жер дауы мәселесіне қатысты туындайтын шағымдар екен.     Сот төрағасы Ернар Әмірхановтың мәлімдеуінше, аудандардағы мәселелердің жартысынан көбі қазіргі уақытта өз шешімін тапқан. Көп жағдайда тараптар өзара соңында келісімге келіп жатады. Өткен жылы қабылданған кодекстің шығуына және  жаңа сот жүйесінің құрылуына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы арқау болған.Республика бойынша 21 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот жұмыс істеп тұр. Өскемен мен Семей қалаларында биыл ашылған. Аталған сала өкілдері аудандарда туындаған кез-келген мәселе жауапты мамандардың назарынан тыс қалмай, міндетті түрде шешімін табады деп сендіріп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар