ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Жаңа орталық ашылмақ

13:30, 30 қыркүйек 2021

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде жергілікті қоғамдастықтың ресурстық орталығы өз жұмысын бастамақ. Тұрғындар  мұнда келіп, интернет-сауаттылықтарын арттыра алады. Сала мамандарының айтуынша, ерекше жағдайдағы балаларға баса назар аудармақ. Олардың компьютерді жетік меңгерулеріне басымдық берілмек. Орталық халықаралық мүгедектер күні қарсаңында желтоқан айының басында ашылады деп жоспарлануда. Ал қазіргі уақытты жобаның ұйымдастырушысы "Берегиня "отбасын қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінде ресурстық орталықтың ата-аналары мен болашақ қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өтуде. Отбасын қолдау орталығындағылар әр балаға жеке көңіл бөлу керектігін айтады. Әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға. Олардың ата – аналарына қандай ауыртпалық түсіп отырғанын орталық мамандары жақсы біледі. Сол үшін де өздерінің көмектерін көрсетуде. Міне, 12 жыл бойы қоғамдық бірлестік қызметкерлері осындай санаттағы балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Балалар жартылай стационар жағдайында оңалту сабақтарына қатысады. Барлығы баланы бейімдеуге және өзіндік инклюзивті орта құруға бағытталған. Осы уақыт ішінде  орталықта Өскеменнен, облыстың аудандарынан келген 1000-ға жуық пайдаланушыға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы ұйымдастырған гранттың арқасында Ресурстық орталық ашылуда. Естеріңізге сала кетейік, осы байқау аясында Бородулиха ауданының Коростели орта мектебінде Креатив балалар клубы ашылды. ШҚО - ның тағы бір өтінімі - Ұлан ауданындағы Ресурстық орталық жеңіске жетті. Оны жүзеге асыру үшін Қасым Қайсенов кенті таңдалды. Бұл ауылдық жер және мұнда, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарда компьютерлік сауаттылық деңгейі әлі де төмен. Ресурстық орталық тек мүгедек адамдарға ғана емес, қажет болған жағдайда ақпараттық-компьютерлік салада қиындықтарға тап болған барлық тұрғындарға да көмек көрсететін болады. Бұл үшін қазір Өскемендегі отбасын қолдау орталығының базасында даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына, әлеуметтік қызметкерлерге және Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлеріне арналған тренингтер өтуде. Тренингтер бейнетаспаға жазылады және жазба кейінірек ресурстық орталыққа беріледі. Сонымен қатар, үйлестіруші қызметкерлермен байланыс орнатып, қажет болған жағдайда кеңес береді. Ресурстық орталықтың жөндеу және дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар