ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жаңа кітаптың тұсаукесері

13:32, 21 маусым 2022

Биыл – балалар жылы. Сондықтан мемлекет тарапынан балалар шығармашылығын дамытып, өскелең ұрпақты білім-ғылым, өнерге баулу жолында ауқымды іс-шаралар жүзеге асуда. Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада жақында ғана мектеп бітірген түлек, болашақ жазушы Дарья Цойдың «На перекрёстке миров» кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты іс-шараға дарынды жастың ата-анасы, сыныптастары мен оқырмандары қатысты. Жиналған қауым кітап авторына сәт сапар тілеп, ақжарма тілектерін жолдады.

Бұл Дарья Цойдың жадында мәңгі есте қалатын ерекше күн. Өйткені көпшілік болашақ жазушының қуанышымен бөлісу үшін жиналған. Жас автор бізге тырнақалды туындысының тақырыбы мен негізгі идеясы туралы айтып берді.  

Кітап авторын қолдап, жылы лебізін білдіруге келгендердің бірі - Дарья Цой оқыған мектептің директоры Инесса Чернышева.

Тұсаукесерде оқырмандар «На перекрёстке миров» романындағы сюжет желісі бойынша авторға көптеген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар