ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ЖАҢА ҚАУЛЫ

13:32, 16 сәуір 2021

ШҚО бас санитар дәрігері Қанат Тұрдиевтің кезекті қаулысы жарияланды. Құжат 19 сәуірден бастап заңды күшіне енеді және 3 мамырға дейін сақталады. Қаулыда аймаққа кіру-шығуды реттейтін Қарағанды мен Алматы облыстарымен шектесетін аумақтардағы санитарлық бекеттер әлі де жұмысын жалғастыратыны айтылған. Ауру жұқтыру көрсеткішін төмендету мақсатында жеке тұлғаларға жұмыс істеуге рұқсат етілмеген орындарға бармауды ескертеді. Сондай-ақ, білім беру нысандары мен балабақшалардың жұмыс тәртібі анықталған. «Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің және т.б. балалар орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін» делінген құжатта. Егер мектепке дейінгі білім беру орындарында үш немесе одан көп адам коронавирус жұқтырса мекеме карантинге жабылады. Балалар ойын-сауық орталықтары, бильярд, банкет, еске алу шаралары өткізілетін залдардың жұмысына рұқсат жоқ. Ал, жеке тұлғаларға бұрынғыдай маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелері еске салынған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар