ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жаңа инвестициялық жоба

17:15, 2 тамыз 2022

Ұлан ауданында осыдан бір жыл бұрын ұсынылған инвестициялық жоба әлі қаралуда. Ет зауытын салып, ауылға инвестиция құюды жоспарлаған кәсіпкерлердің жобасы қазір тексеріс үстінде.

Инвестициялық жоба Ұлан ауданында жүзеге асады деген сөз тарағалы жергілікті халық екіге бөлінді. Біреуі қолдаса, енді бірі қарсылығын айтып шағымданған болатын. Алайда, халық пікірін орынсыз деп айтуға келмейді. Ұсынысты құп көріп отырғандар да жоқ емес. 

Ауыл қашанда – руханиятымыздың темірқазығы. Оны дамыту қашанда өзекті мәселе болып қалмақ. Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпке инвестиция құю тұрғындардың болашағы үшін тың бастамалардың бірі. Мамандардың айтуынша, шошқа фермасы экологиялық жағынан еш зиян келтірмейді.

Тұрғындар ашылғалы отырған ет зауытынан зор үміт күтуде. Инвесторлар өз тараптарынан берілген уәделерін орындайды деп сенеді.

Ұсынылып отырған жоба қазір тексеріс үстінде, ең басты мәселе –  экологиялық заңнамалар талабын бұзбау. Инвесторлардың айтуынша, жаңа ет зауыты ауыл халқын жұмыспен ғана қамтып қоймай, елді мекеннің дамуына да көп үлесін тигізеді.

Тұрғындардың сөзінше, ауыл жағдайы мәз емес, жиынға жиналғандар ауылды көркейту, ауыл шаруашылығын дамыту, ет зауытын салу секілді мәселелерді  қозғады. Елді мекенде ауыз су мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ. Санаулы үй тұратын ауылда мектеп, емхана, ен болмаса жөні түзу жол да жоқ.

Шошқа фермалары жөнді жұмыс істемесе, экологияға үлкен залал тигізуі мүмкін. Сондықтан, асқан жауапкершілік қажет. Ал, инвесторлардың айтуынша, ұсынылып жатқан жоба ауылға жаңа дем береді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар