ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

17:15, 2 сәуір 2021

Алдағы уақытта Шығыс Қазақстанның жылу-энергетикалық кешеніне «Термококс» технологиясы енгізілуі мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, бұл Өскеменнің ауасын тазартуға септігін тигізеді.  Сарапшылардың сөзіне сенсек, көмір жағу экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімсіз. Қазіргі жүйе бойынша көмір өндірумен айналысатын жылу электр орталықтарының инвестициялар арқылы өзін-өзі ақтауы 20 жылдық деңгейге жақындады. Өскеменде ауаның зиянды заттармен ластануы шекті деңгейден асып кеткелі қашан. Алайда экологтар мәселені шешудің оңтайлы жолдары табылатынына сенімді. Аталмыш технологияны қолдану кезінде бастапқыдағы көмір екі өнімге бөлінеді: газ тәрізді отын және кокс қалдығы (термококс). Біріншісі дайын бола  салып жағылады да, одан жылу энергиясы алынады. Ал термококс мамандандырылған отын ретінде кең спектрлі негізде пайдалануға нарыққа жіберіледі. Мамандардың айтуынша, бұл әдісті өндіріске енгізу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біріншіден, осы үрдістен кейін күл-қоқыс деген болмайды. Күйе мен шаң қалдықтары 5-7 есеге дейін төмендейді. Бұл жоба 2020-2024 жылдарға арналған ШҚО-ның  экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешудің Жол картасына енген.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар