ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

13:38, 17 мамыр 2021

Риддер қаласында жаңа шағын аудан бой көтереді. Еске сала кетейік, елді дүрліктірген алапат өрттің кесірінен 30-дан астам баспана тұруға жарамсыз болған еді. Президент тапсырмасы мен облыс әкімдігінің қолдауы және демеушілер көмегімен зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, үймен қамтылады деп уәде еткен. Тұрғындарға жаңа пәтер кілттері күзге дейін берілмек. Жұмыс барысын бақылау үшін аймақ басшысы Риддер қаласына келді. Мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездескен облыс әкімі негізгі міндеттерді атап өтіп, құрылысқа жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Ұсынылған ұтымды жобалық шешімдер арқасында құрылыс жұмыстары жылдам әрі жүйелі түрде басталып кетті. Сондай-ақ, Даниал Ахметов жаңа аудан заманауи, инфрақұрылымы дамыған, талапқа сай болу қажеттігін айтты. «Жалын шарпыған үй иелері жаңа баспаналарына неғұрлым тезірек қоныстансын». Даниал Ахметов мердігерлерге осылай деп жүктеді. Жоспар бойынша жаздың соңында пәтерлер дайын болады. 24 мамыр күні облыс әкімі қала тұрғындарымен кездесіп, құрылыс жұмысының барысымен таныстырады. 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...