
«Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадамның жарқын көрінісі – жаңа заң». Мемлекет басшысы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Осыған байланысты Өскеменде конституцияның жаңа механизмге көшуін түсіндіру мақсатында арнайы бриффинг өтті.
Жаңа Қазақстанның жаңа бейнесі – ол ашық ой, ашық пікір. Еліміздің әр азаматы өз сөзін ашық айта білуі керек, - деді әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Элеонора Столярова. Сондай-ақ халық жаңа Конституцияға ұсынылатын түзетулердің оң және теріс тұстарын өз бетінше зерттей алуы да керек екенін де айта кетті. Осыған орай бесінші маусымға белгіленген референдумды ұйымдастыру мен өткізу үшін арнайы штаб құрылған, оған қоғам қайраткерлері, ғалымдар, түрлі ұйымдардың өкілдері, журналистер мен басқа да сарапшылар кіреді екен. Басты міндеті, ең алдымен, адамдарға ата Заңға ұсынылған өзгерістердң мағынасын түсіндіру. Ол үшін референдум алдында халықпен кездесулер өтіп, мамандар тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап береді.
Олег Чернышов, ұсынылған шаралар халықтың мемлекетті басқаруға қатысын кеңейтуге бағытталады,деді. Сондай-ақ саяси плюрализм мен бәсекелес демократиялық ортаны қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалатын да жеткізді.
Президенттің 5 маусымға белгілеген референдумының арқасында Конституцияның 33 бабына жаңадан өзгеріс енгізіліп, 20-дан астам заң жаңаша редакцияланатын болады. Осы арқылы еліміздегі саяси жүйе мен басқарудың қайта құрылуы жүзеге асады.