ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жабылған жол жыры

17:17, 3 тамыз 2022

Өскемендегі Жаңа Ахмер кентінің тұрғындары арнаға араша сұрап хабарласты. Айтуларынша, азаматтардың күнделікті жүріп-тұрар жолына тоқтау салынған.

Бұл - Жаңа Ахмердегі саяжай тұрғындары. Жаңбырға қарамастан жиналып кеңес өткізулеріне себеп – кіреберіс жолдардың жабылуы. Ауылдың ішімен жүруге құқылары болмаса да, күнделікті құм топырақ тасып қатынайтын жүк көліктері жолды жабуға мәжбүр еткен. Ал отбасында ауру адамды қарайлап отырған Мақпал Жансұлтанқызы жедел жәрдем көлігі де үйлеріне жете алмай отырғанын айтады.

Жолдың жабылуынан зардап шеккен тұрғындар кімнен жауап аларын білмейді. Ал балалардың амандығы маңызды деп жауап берген қазынашы Алмажан Сәденова ауыр техникалар жүрулерін тоқтатпаса жолды ашпаймыз деп отыр.

Аталған іске себепкер болып отырған көліктерге жауапты ұйым туралы нақты ақпарат жоқ. Түсірілім барысында күндегі әдетімен жолға шыққан камаз автокөлігін байқап қалдық. Ашуға булыққан жүргізуші сұрағымызға жауап та бермеді. Ал жергілікті басқару комитетінің жауаптылары жақын арада мәселенің түйінін табамыз деп отыр.

Кеңесіп шешкен соңғы шешім – тұрғындар жиналып қалалық тұрғын-үй шаруашылық бөліміне хат жолдамақ. Әрмен қарай автоинспекция мамандарына табысталады. Қолдан келер қайран жоқ, ендігі халық хаттың жауабын күтеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар