ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Зейнетақы жинақтарын пайдалану

13:30, 24 қараша 2021

Биыл қаңтар айынан бастап мемлекет басшысының бастамасымен БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін зейнеткерлік жасқа толғанға дейін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге мерзімінен бұрын пайдалану құқығы берілген болатын. Жыл басынан бері қанша адам бұл қызметті пайдаланды? Аударылған қаражат көлемі қандай?Өткен жылдың 1 қыркүйегінде ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беруді тапсырған болатын.  Президент пәрмені жыл басынан  жүзеге асырылып жатыр. Зейнетақы қорының облыстық филиалы директоры Марат Сейітқалиевтің айтуынша қазіргі таңда тұрғындардан 485 772 өтінішін келіп түскен. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2 трлн теңге аударған.Облыста жалпы соммасы 1 трлн  теңгені құрайтын 900 мыңнан аса жеке зейнетақы шоттары ашылған. Өңір салымшылары биыл 800 000-нан астам зейнетақы қызметтерін алған.  Қор салымшыларының шоттарында шамамен 13,1 трлн теңгеден астам қаржы жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар