ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Заңсыз әрекеті әшкере болды

13:31, 23 маусым 2022

Облыс орталығында 2 жылдан аса уақыт өзгеден ақша бопсалап келген азамат ұсталды. Мамыр айында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасына, 2020 жылдың мамыр айынан бастап, 2022 жылдың сәуір айына дейін, 54 жастағы ер адамнан ақшаны бопсалау жолымен алып келгендігі жөнінде ақпарат келіп түскен. Анықталғанда 49 жастағы қала тұрғыны күдікті ретінде ұсталған. Ол өзінің дене-физикалық артықшылығын пайдаланып, жәбірленушіден әр түрлі сомадағы ақшаны жүйелі түрде талап етіп отырған. Алғаш рет 150 000 теңге алса, одан кейін  қаражат мөлшері көбейе берген. Жәбірленуші ақша беруден бас тартуға тырысқанымен, күдікті күш көрсетіп, отбасына да кесірі тиетіндігін айтып қорқытқан. Амал таппаған ол, талап етілген соманы беріп, бірнеше рет құтылған. Тіпті, өз атына несие алуға, анасының пәтерін сатқанда түскен қаражаттың бір бөлігін беруге мәжбүр болған. Күдікті одан тағы 2 000 000 теңге алмақ болғанда ұсталған. 2 жыл ішінде оның қылмыстық әрекеттерінен келтірілген залалдың жалпы құны 50 млн теңгені құраған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, ҚР ҚК 194-бабы, 4-бөлігі аса ірі мөлшерде жасалған қорқытып алушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңға сәйкес күдікті жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...