ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Заманына қарай адамы

17:31, 26 қараша 2021

21 ғасырда компьютер тілін білмеу мүмкін емес. Дегенмен, егде жастағыларға заманауи техниканы қолдану қиындық туғызатыны жасырын емес. Осы орайда зейнеткерлерге облыс орталығының студенттері көмекке келуде. IT-колледждің жастары оларға жаңа құрылғылар мен интернетті еркін меңгерулеріне қол ұшын созбақ.Бүгінгі қоғамды гаджеттер мен ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Алайда, оларды қолдану кей жандарға қиын. Мәселен – зейнеткерлер. Сондықтан, егде жастағыларға көмектесу мақсатында облыс орталығында компьютерлік сауаттылық курстары ұйымдастырылды. Мұнда ата-әжелер қарапайым алгоритмдерді үйренеді. Ал, қарттарға көмекке келгендер IT колледждің студенттері.Жаңа технологияны жетік меңгеру – заман талабы. Алайда, зейнет жасындағыларға компьютер тілін үйрену оңай емес. Көбінде барлығын көрсетіп, көмектесетін немере – балалары. Олар да көп жағдайда қастарынан табыла бермейді.Сала мамандарының айтуынша, технология тілін қазіргі таңда білмеу - қолайсыздық. Уақыт көрсеткендей карантин кезінде барлығы онлайн форматқа көшіп, осы құрылғыларға адамзаттың күні қарап қалды.Компьютерлік сауаттылық курстары - қарт адамдарға көптеген мүмкіндіктерді ашады. Мария Сидоренко осы сабақтардың көмегімен гаджеттердің тілін меңгерген. Ол бұл курстан түйгенім көп. Үлкен септігін тигізді, - дейді. Есесіне, қазір басқалардың көмегінсіз өздігінен смартфонды қолдана алады.Мұндай сабақтардың мақсаты – егде жастағыларды заманауи құрылғылармен таныстыру, үйрету. Себебі, күнделікті өмірде көп септігін тигізеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар