ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ықшам аудандар көркейіп келеді

17:16, 2 тамыз 2022

Қала әкімі нысандарды аралады. Шаһар басшысы алдымен қаладағы Меновное кентіндегі ең үлкен бастоғанның  құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда құрылыс жұмыстары аяқталысымен 100 мыңға жуық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады деп күтілуде. Ертіс өзенінен алынатын су қоры шамамен 50 жылға жетеді. Жобаның құны 3,1 миллиард теңге.

Су, электр желілері – қаланың негізгі мәселелері. Қаладағы бастоғанның құрылысы осыдан екі жарым жыл бұрын басталған болатын. Құрылыс жұмыстары көзделген межеге жеткеннен кейін Ертістің сол жақ жағалауындағы 19, 20, 21, 23, 28  ықшам аудандар мен Меновное, Ахмер кентінің тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

Жаз кезінде тұрғындардың суға деген сұранысы арта түсетіні белгілі. Әлбетте, тұрғындар суды тек күнделікті тұтынуға ғана емес, бау-бақша, мал суаруға да пайдаланады. Шаһар басшысы әсіресе қаладағы 20, 22 ықшам аудандар мен жер үйде тұратындарда су жетіспеушілігі қуаттылық төмендігі салдарынан екендігін айтты.

Кездесуде көптің көкейіндегі мәселенің бірі – қаланың болашақ ықшам аудандарының жобасы да таныстырылды. Оның қатарында 24-шағын аудан бар. Мұнда қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сумен қамтамасыз ету толығымен аяқталды, келесі жылы электр желілері тартылатын болады. Жоспар бойынша шағын ауданға 223 көпқабатты тұрғын үй салынады. Ал жер үйлер 25 және 27-шағын аудандарда бой көтереді. Шаһар басшысы кездесу соңында аталған аудандардың инфрақұрылымын дамытып көркейтсе, жұрт қарасы өзі-ақ көбейетініне сенімді. Себебі, көрікті, жаңа ықшам ауданда кім де болсын өмір сүргісі келеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар