ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ықшам аудан көркеюде

13:31, 18 мамыр 2022

Облыс әкімі Даниал Ахметов 28-ықшам ауданның тұрғындарымен кездесіп қайтты. Естеріңізде болса, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ықшам ауданда шешілмеген бірқатар түйткілді мәселелер туралы айтылған болатын. Бүгінде біртіндеп олқылықтардың орны толтырылып, мәселе шешімін табуда.

 «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында жер теліміне кезекте тұрғандар арасында 54 пилоттық жоба жүзеге асырылған. Бүгінде ықшам аудан толығымен магистральдық сумен желісімен, кәріз жүйесі, электрмен жабдықталған. Қазір кварталішілік өтпе жолдар мен кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал үйлердің іргетасы мен өзге де жөндеу жұмыстарына қатысты проблемалар техникалық тексеруден өткізіліп, жоспарлы түрде қалпына келтіріліп жатыр.

Мұнда жеке тұрғын үй құрылысына 1002 жер телімі қарастырылған. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандардан 1 мектеп, 3 балабақша мен 100 орынға шақталған емхана салу жоспарланған. Жергілікті тұрғындар болса, құрылыстың барлық талаптары сақталып, жұмыс уақытында орындалса, айтар назымыз болмас еді деп отыр.

Облыс әкімі атқарылуы тиіс жұмыстардың қатары аз еместігін айтты. Алдағы уақытта жол жөндеу, су құбырларының мәселесінен бөлек, мұнда толығымен абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.       

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар