ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Волейбол турнирі

17:16, 12 мамыр 2022

Ұлан ауданында қыздар арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Мамай батыр ауылында ұйымдастырлған спорттық шара еңбек ардагері Майра Балғабайқызын еске алуға арналған. Басты мақсат салауатты өмір салтын насихаттап, жас волейболшылардың шеберлігін шыңдау.

Дәстүрлі  іс-шараның мақсаты жастардың спортқа деген қызығушылығын одан әрі шыңдап, отандық волейболдың деңгейін арттыру. Тартысты ойынға Жарма, Күршім, Ұлан аудандарынан және Өскемен, Серебрянск қалаларынан келген командалар қатысты. Аймақтың үздік командалары бас қосқан әр кездесу тартысты өтті.

Жалпы, Мамай батырда волейболға деген қызығушылық жоғары. Жылдан жылға спорттың бұл түрімен айналысатын жастар көбейіп келеді. Ала допты алақанында ойнататын балалар талай байрақты бәсекеде топ жарып жүр.

Спортшылар өз кезегінде осындай сайыстардың арқасында деңгейімізді бағамдап, тәжірибе аламыз және достық қарым-қатынасымызды нығайтамыз дейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...