ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Вакцинациялау жалғасуда

13:34, 7 желтоқсан 2021

Covid-19-бен күресте екпе алу өз тиімділігін көрсетті. Вакцинаның екі компонентін алған ересектер арасында дертке шалдығу көрсеткіші анағұрлым төмендегені байқалған. Дәл қазір қауіпті індеттің алдын алу мақсатында жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді, лактация кезеңіндегі аналарды Pfizer препаратымен иммундау басталды. «Неғұрлым екпе салу қарқынын жылдамдатсақ, соғұрлым вирусты жеңу мүмкіншілігі артады», - дейді мамандар. Себебі, балалар арасында соңғы уақытта дене қызуы жоғарылаған, тұмау белгілері барлар саны көбейді.Pfizer препараты әлемдік тәжірибеде жоғары бағасын алып үлгерді. Облыс орталығында 12-18 жас аралығындағы балаларға, жүкті әйелдерге індет жұқпас үшін екпе салу жұмыстары қарқын алуда. Ана мен бала орталығының педиатриялық блок меңгерушісі Айнұр Жакембаеваның айтуынша, соңғы уақытта дәрігердің көмегіне жүгінген ата-аналардың саны артқан. Ақ халаттылардың алдына келген балалардың шағымы бір: дене қызуының көтерілуі, тұмау мен жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерінің болуы. Осындай шағыммен келген жеткіншектерден бірден ПТР тест алынады. Жұқпалы вирус анықталса, ем-дом шаралары басталады.Індетті жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Сондықтан, вируспен күресте ұжымдық иммунитет қалыптастыруды жеделдету керек, дейді дәрігерлер. Қазіргі таңда өңірде балаларға вакцина салу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін бар жағдай жасалған. Екпе кабинеттеріндегі мамандар арнайы оқудан өткен. Препараттарды қажетті температурада сақтау үшін керек-жарақтың бәрі бар. Айта кетейік, екпе алу ерікті түрде жүргізіледі. Вакцина алмас бұрын ата-ананың жазбаша рұқсаты болуы тиіс. Ал, екпе алған соң иммундалған балалар 30 минут бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар