ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Үздік ветеринар байқауы

13:34, 2 желтоқсан 2021

Ұлан ауданы Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде "Үздік мал дәрігері" облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Аймақтың түкпір-түкпірінен келген мамандандырылған оқу орындарының жоғары курс студенттері өз шеберліктерін байқатты. Болашақ ветеринарлар кәсіби біліктілігін көрсетіп, үздік атану үшін барын салды."VetPro" кәсіби шеберлік байқауы аймақта алғаш рет өтуде. Болашақ мамандар облыстық ауылшаруашылық колледжінде орналасқан заманауи жабдықтары бар ветеринарлық клиникада өз дағдыларын көрсетті.Байқаудың жеңімпаздары облыстық ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Рүстем Слам, Қазтұтыну одағы агробизнес және экономика колледжінің студенті Асқарбек Төлешов және Жарма технологиялық колледжінің студенті Жанқабыл Камилжанов атанды. Сонымен қатар, Зайсан технологиялық колледжінің студенті Марат Секеев "Епті қол" номинациясы бойынша марапатталды.Шара соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға алғысхаттар, бағалы сыйлықтар берілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар