ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Үздік кәсіпкерлер марапатталды

17:07, 24 мамыр 2022

Облыс әкімі Даниал Ахметов  өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.  Түрлі әлеуметтік шараларда белсенділік танытып жүрген кәсіпкерлерге алғысын да айтты. Сондай-ақ "Жылдың үздік кәсіпкері" атағына ие болғандарды құттықтап, жауапты істеріне одан әрі өркендеу тіледі.

Билік пен бизнес бір-біріне сенімді серіктес болуы керек. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес өкілдерімен өткен кездесуінде айтқан сөзі. Ел Президенті ұлттық экономиканың жаңа моделін қалыптастыру ісін жедел түрде қолға алуды тапсырған болатын. Бұл тұста кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін  көмектің нақты қадамдарды да белгіленген еді. Аталған бастама елдің әр өңірінде жүзеге асырылуда. Мәселен, аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдегі бірқатар кәсіпкерлермен кездесу өткізіді. Даниал Ахметовтың сөзінше, облыстағы кәсіпкерлер әрдайым денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды белсенді қолдап, тікелей атаулы көмек көрсететді. Аймақ басшысы кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлік саласының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Айта кетейік республика бойынша басымдыққа ие шағын және орта бизнес секторы өңірде қарқынды дамып келеді. Жұмыспен қамтылғандардың үштен бірі осы салада қызмет етеді.Аймақтың қоғамдық саяси өмірінен шет қалмайтын кәсіпкерлер, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда да белсенділік танытады.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Оның игілігін көріп отырған кәсіпкерлер қауымы  мұндай бастамалардың маңызы жоғары екенін айтады.

Жиын соңында аймақ басшысы Даниал Ахметов «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауында жеңімпаз атанғандарды марапаттады.

"Жылдың үздік кәсіпкері" атағына ие болғандарды құттықтаған облыс әкімі, кәсіпкерлерге жауапты істерінде одан әрі өркендеу тіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар