
Семейде үшем дүниеге келді. Перинаталдық орталық қызметкерлері Семей қаласы бойынша соңғы 5 жылда тіркелмеген оқиға дейді. Айгүл Иманәлинованың жасы 36-да. Ерлі-зайыптылар 3 ұл тәрбиелеп отыр. Ең кішісінің жасы 2-де. Отбасымызда бұрымдының болғанын күйеуіміз екеуміз қаладық,- дейді жас ана. Енді міне, көпбалалы отбасылардың қатарына еніп отыр. Сәбилер айы-күні толмай, 34 аптада дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің туғандағы жағдайлары ауыр болған. Атап өтерлігі, отбасы жер үйде пәтер жалдап тұрады. Орталық қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, былтыр қаламызда 8 411 бала дүниеге келген. Олардың 117 егіз, 1-і үшем.