ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҮШ АЙДА 13 МАЛ ҰРЛЫҒЫ ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ

13:32, 29 сәуір 2021

Өңірімізде биылғы жылдың алғашқы үш айында ғана 413 бас мал жоғалған. Ал соңғы үш күнде тағы да 13 мал ұрлығы фактісі анықталды. Бұл «Барымта» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде белгілі болды. Полицейлер шаруа қожалықтары мен алыс елдімекендерге барып, ілеспе құжаттарсыз мал тасымалдап жүрген  көлік құралдарын тексерді. Сонымен қатар мал мен ет өнімдерін сатып алу, сату орындарын аралады.  «Барымта»  жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде полиция 13 қылмыс фактісін тергеп, кінәлілерді  анықтады. 3 күдікті ұсталды. Сондай-ақ, 28 бас ірі қара табылып, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар, үш күн ішінде мал мен ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдап, сатып жүрген  188 көлік тексерілді. Нәтижесінде 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 950-ден астам мал арнайы мамандандырылған қораларға әкелінді. 313 ірі қара иесі 180 мың теңгеден астам қаржы көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, бүгінде биылғы жылдың алғашқы үш айында жоғалған барлық малдың 299-ы иелеріне қайтарылған. Мамандардың айтуынша, малдың ұрлануының басты себебі қараусыз қалуы мен рұқсат етілмеген жерде жайылуы.  Сондықтан полиция тұрғындарға малдарын қараусыз қалдырмауға, аулалары мен шаруашылық құрылыстарын құлыптармен жауып, дабылды құрылғылармен жабдықтауға кеңес береді. Мал жоғалып кеткен жағдайда уақыт оздырмай тез арада полицияға жүгіну керек. Өйткені ұрлықтан кейінгі уақыттың созылып кетуі қылмыскерлер үшін өте тиімді.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар