ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ұлттар достығы

13:31, 7 желтоқсан 2021

Облыс орталығында «Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбында республикалық лекторий өтті. Жиын қоғамдық келісім мен этносаралық бірліктің қазақстандық үлгісін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Ел өркендеуінің берік негізіне бағытталған іс-шарада  келелі мәселелер ортаға салынды.Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары мен Парламент депутаттары және мемлекеттік орган өкілдері мен өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты. «Қоғамды топтастырудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі», «Этносаясат бейбітшілік пен келісімді нығайтудың негізі», «Этносаралық қақтығыстарда этномедиацияны қолдану перспективалары» және «Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту» сияқты өзекті тақырыптар көтеріліп, ұлттар достастығындағы ынтымақтастықты арттыру жолдары сөз болды.Сонымен қатар, республикалық лекторий аясында, арнайы көрме ұйымдастырылып ұлттар арасындағы достықты әспеттейтін әуезді әндер шырқалды.  Қазақстан – ұлтаралық келісімді өзге мемлекеттерге өз тәжірибесімен көрсеткен көпұлтты мемлекет. Ал, осындай жиындар сан түрлі ұлт өкілдерінің өзара бір-бірінің мәдениетімен танысып, тіл үйреніп, белсенді өмір сүруіне мұрындық болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар