ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Үлкен спортта үміт күттіреді

13:33, 24 мамыр 2022

Облыс орталығында 60-тан астам болашағынан зор үміт күттіретін жас теннисшілер Қазақстан Кубогінің финалына өтуге таласты. Әрқайсысы жеңіске деген құлшынысын көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.

Қазақстан Кубогі Өскеменде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараны өткізу үшін бар жағдай жасалған. Бұдан былай бұл жерде кез-келген деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға болады. Осылайша алдағы уақытта өскемендіктер де кубоктің финалдық кезеңін тамашалай алады. Турнирдің бас демеушісі ірі тау-кен-металлургиялық «Қазмырыш» компаниясы.  Дарынды, жас спортшыларға қолдау көрсету - жергілікті өндіріс орнының талай уақыттан бергі маңызы зор әлеуметтік жауапкершілігі.  

Апта бойы еліміздің барлық аймақтарынан жиналған сегіз команда жұптық және жекелей жекпе-жекте өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша олардың тек үшеуі ғана республика біріншілігіне өтеді. Турнирдің бас төрешісі жасақталған барлық құрама мықты болғандықтан, тартыс қызу жүріп жатқанын айтады.

Ел біріншілігіне жолдама алуға барлығы 64 теннисші таласты. Әр спортшы өз алдына мықты. Ақтық сындағы финалдық ойын шешуші рөл атқарды. Батыс Қазақстаннан келген команда Ақмола облысынан келгендерден басым түсіп,  6:1 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаздар Қазақстан Кубогына жолдамамен қоса, демушілер тарапынан берілген бағалы сыйлықтарға кенелді. Ал бұл жолы финалға өтпегендерге ұйымдастырушылар сәттілік тілеп, алған беттерінен қайтпай, шеберліктерін шыңдай түсуге тілектестік білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар