ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Ұланым-ұраным

13:38, 16 қыркүйек 2021

Облыс орталығында «Ұланым» атты әніне түсірілген бейнебаянының тұсаукесері өтті. Бейнебаянның жарыққа шығуына аталған аудан әкімдігі мен туған жеріне бейжай қарамайтын, ет бүйрегін бұрған азаматтар ұйытқы болған. Жиын Ұлан ауданының әкімі  Ренат Құрмамбаевтың ақ жарма тілегінен бастау алды. Кейін көпшілік талантты жастардың арнауына куә болды. Ұлан ауданының құрметті азаматы Марат Мұзапаров бейнебаянға жоғары бағасын беріп, барлық ат салысқан азаматтарға алғысын білдірді. Мұрат Тастағановтың айтуынша, Оралхан Көшеровтың 52 туындысы болса, соның ішіндегі кеңінен танылып таралғаны «Ұланым» әні екен.  Себебі, ұлттық дәстүрде жазылған туынды тыңдаушының жүрегіне бірден жетеді. Кештің көркін кіргізген әншілер Ұланым әнін жанды дауыста орындады. Кеңінен таралған бұл туындыны қазір бірнеше талант иелері жетесіне жеткізіп орындап жүр. Солардың  бірі де бірегейі Нұртай Тілеужан. Ол осы әннің алғашқы орындаушысы. 20 жылдан астам уақытта 6000  рет шырқапты. Оның сөзінше, тамаша туынды құлақтың құрышын қандырып, жүректің қылын шертеді. Бүгінде бұл әннің жарыққа шыққанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында тамаша туынды тыңдарман арасынан өз бағасын алып та үлгерді. Ал Ұлан ауданының Құрметті азаматтары шын таланттарға әлі де қолдау көрсетіп, демеуге дайын екендерін жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар