ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Үгіт-насихат жұмыстары

17:15, 25 мамыр 2022

Тақырыпты жалғастырамыз...сондай-ақ аймаққа «Хабар»Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли келді. Арнайы келген қонақ та Аманжолов атындағы университетке барды.

Үгіт-насихат жұмыстары аясында елдің бірқатар өңірін аралап жүрген Берік Уәли шығысқазақстандықтар саяси науқанның маңыздылығын жете түсініп, белсенділік танытып жатқанын айтады. Өйткені аймақ тұрғындары өзгерістердің уақыты келгендігін жақсы түсінеді. Сондықтан, ең алдымен заңнаманы ретке келтіріп алу қажет деген пікірде. Студенттермен кездескен «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы мемлекет үшін маңызды құжатқа енгізілетін өзгерістер халықтың мұң-мұқтажын, түйіткілді мәселелерді шешуге септігін тигізеді дейді.

Ата Заңға енгізілетін өзерістерге елдің әр азаматы бейжай қарамауы тиіс. Сондықтан ЖОО ұстаздары мен студенттері Президент бастамасымен қолға алынған іргелі шарадан қалыс қалмайтындарын, бір кісідей қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Елдің саяси өмірінде зор маңызға ие болып отырған жалпыхалықтық референдумнан аймақ халқының күтері көп. ЖОО студенттері саяси науқанның өткізілуі жастардың да түйіткілді мәселерінің шешілуіне жол ашады деген сенімде. Айта кетейік, ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық референдум ел тарихында екінші рет өтеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...