ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАР

14:17, 5 қараша 2020

Облыс орталығында жедел алдын – алу шаралары  жалғасуда.  Полиция қызметкерлері тұрмысы төмен отбасылардың үйлерін аралап, жағдайларымен танысты. Соңғы жылдары мәселесі көп отбасылар азайып, үйден безетін бүлдіршіндер саны кеміді. Әйтсе де, ішімдікке салынып, бауыр еті балаларының тәрбиесімен айналысуға уақыт таба алмай жүрген ата – аналар  арасында полиция қызметкерлері  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сала мамандары, тек тұрмысы төмен отбасыларды ғана емес, сондай – ақ есепте тұрған ата – аналардың үйлерін де аралап қайтты. Олардың балалары қандай жағдайда тұрып жатқанын көрді. Тек Өскеменде өткен жылы 56 адам ата-ана құқығынан айырылды, ал 2020 жылы 50 жауапсыз ата-анадан балаларын алып кеткен. Мамандардың айтуынша, кейде балалар өз отбасында ешкімге қажет емес болғаннан гөрі, бейтаныс адамдардың қамқорлық көрсететін балалар үйінде өмір сүргенді қалайды.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...