ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Түрмедегі табыс

13:32, 30 қыркүйек 2021

Жазасын өтеп жатқан азаматтар жаны қалаған кәсіппен айналыса алады. Облыстағы әйелдер колониясында енді тұшпара цехы жұмыс істейді. Бұл қамаудағы нәзік жандарды еңбекке тартып, олардың өмірге деген құлшынысын арттырып қана қоймай, ертеңгі күні қоғамнан өз орнын табуына үлкен сеп болмақ. Өңірдегі 156/21 түзеу мекемесінде жақында жартылай фабрикаттар шығаратын цех ашылды. Бұл жерде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені мұнда игерген мамандық кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қарау кезінде азаматтарға көмек болмақ. Сондықтан мекемеде сотталғандарды жұмысқа барынша орналастыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Бұл үрдіс алдағы уақытта облыстағы барлық колонияларда жалғасын табады. Түзеу мекемесіндегі табыс көзінің пайда болуына себепкер болған кәсіпкердің бірі - Берік Әбдікәрімов. Бүгінде әйелдер колониясының цехында өндірілетін жартылай фабрикаттар Шуақ, Жаңғызтөбе және Қалбатау ауылдарының тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар