ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Тұрғындармен кездесті

13:31, 11 мамыр 2022

Өткен аптада шаһар басшысы Жақсылық Омар қаладағы бірнеше нысанды аралады. Ең алдымен облыс орталығының әкімі Красина кенті тұрғындармен жолықты. Сондай-ақ, мерекеге орай сұрапыл соғысты көзбен көріп, қиындығын сезінген майдангерлерді құттықтап қайтты.

Красина кентінде бүгінде ауыз су мен жолдың мәселесі өзекті. Себебі, бұл аумақта аталған проблема әлі күнге дейін толық шешілмей келеді. Оның үстіне ой шұқыры көп, жөнделмеген жолдар да тұрғындарды әбден әбігерге салған.

Ал қала әкімі алдағы уақытта кенттегі барлық жолдар біртіндеп жөнделетінін айтты. Әрі мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізіп тұратындығын жеткізді.

Кенттегі мәселе тек бұл ғана емес, сондай-ақ сумен жабдықтау проблемасы кезең-кезеңімен шешілуде. Әуежай, 22, 23 ықшам аудандарда сумен жабдықтауды жаңғырту жұмыстары күні бұрын басталып та кеткен.  Бұл жүйелі жұмыстар Красин кентінде де жалғасын табуда.

Тұрғындармен кездесуден кейін қала әкімі тыл ардагерлерімен жүздесті. Тылда еңбек еткен жанның бірі – Қазиза Мақажанова.  94 жасқа келген кейуана өткен кезеңдегі қиындықтарға қарамастан өзін бақытты санайды.

Шаһар басшысы зұлмат соғыс тұсында тағдырдың тауқыметін тартқан тағы да бір тыл еңбеккері Клавдия Гаврилко мен екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы Александра Саратовцеваны да құттықтап қайтты. Оларға шаһар басшысы жеміс-жидектер мен тәттілер салынған себеттер мен ақшалай сыйақы табыстады.

Ардагерлер қарт майдандас достарын, олармен бірге өткізген сұрапыл соғыс жылдарындағы қайғы-қасіретке толы күндерді еске алды. Осылайша, соғыстың сызын сезінген ардагерлер шаһар басшысына алғыстарын айтты.

                       

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...