ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Тұрғындардың талап-тілегі

13:31, 4 тамыз 2022

Аблакетка шағын ауданында шаһар басшысымен жиын өтті. Мақсаты қала әкімінің халықпен кездесіп, экономикалық көрсеткішті баяндауы. Алда жоспарланған жобалар түсіндіріліп, атқарылған жұмыстарға есеп берілді.

Кездесу қазіргі уақытта үкімет қарамағына өтіп мәдени орталыққа айналған бұрынғы «Асқар тау» мейрамханасының ғимаратында өтті. «Бәрінің де пікірі тыңдалады» деген талаппен ұйымдастырылған шарада зал іші толы болды.

Тұрғылықты жерде тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды қалыптастыру, қоғамдық көлік мәселесі, инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту, абаттандыру жұмыстары, жаңа жобаларды қолға алу сынды мәселелер талқыға түсті. Күн тәртібіндегі тақырыптардың басым бөлігі тұрғындармен көптен бері көтерілуде. Қала әкімі Жақсылық Омар азаматтар айтқан барлық мәселені шешу үшін жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырма берді.

Бұл күнде ел игілігіне жасалып жатқан ауқымды істер көпшілік көңілінен шыққан. Бұған дейінгі кездесуде халықты толғандырған маңызды мәселенің біршамасы қолға алынып, бүгінде жұмыстар толық аяқталған.

Іс-шара жергілікті жұрт үшін көкейдегі сауалдарына жауап алған шынайы сұхбат алаңына айналды. «Әкім болу – халыққа жақын болу» демекші, қала басшысы бір сағаттан астам уақытын елдің мұң-мұқтажын тыңдауға арнады.

Шаһар басшысы сауал-ұсыныстарды саралай келе, барлық талап-тілектерді назарға ала отырып, тиісті тапсырмалар жүктеп, хаттамаға енгізуді міндеттеді. Қала әкімі сөз соңында халықтың талап-тілегі басты назарға алынғанын, алдағы уақытта қойылған сауалдар шешімін табатынын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар