ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ОРНАТУДЫ СҰРАЙДЫ

13:32, 26 ақпан 2021

Қазіргі уақытта Семейде көлік қозғалысы жиі көшелер мен қиылыстарда 342 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бар. Қаланың келбеті жыл сайын өзгеріп келеді. Яғни, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайда болып, жол инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігі туындайды. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін және мектептер мен балабақшалардың жанындағы автокөліктердің қозғалыс жылдамдығын шектейтін жол белгілерін орнату қажет. Шаһардағы Селевин көшесінің тұрғындары осындай жол белгілерінің жоқтығына алаңдаулы. Селевин көшесінің бұл бөлігінде 2 балабақша, жалпы білім беретін мектеп, дене шынықтыру-сауықтыру кешені орналасқан. Қазір осы маңда салынған екі көп пәтерлі үйге адамдар қоныстануда. Жергілікті тұрғындарды жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін және автокөліктің жылдамдығын шектейтін жол белгілерінің болмауы алаңдатады. Ағымдағы жылдың басынан бері балалардың қатысуымен болған 10-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осының салдарынан кәмелетке толмағандар түрлі дәрежедегі жарақат алған. Биыл бюджеттен жол белгілерін сатып алуға, орнатуға және күтіп-ұстауға 10 миллион 161 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта осы жұмыс түрі бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Мердігерді анықтағаннан кейін онымен шарт жасалады және ол жол белгілерін жаңарту және күтіп ұстау бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындауға кіріседі. Бұл ретте, бөлім өкілінің айтуынша, жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік нысандардың басшылары жол полициясына тиісті өтінішпен жүгіне алады. Жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері жол белгілері бойынша жалпы жағдайы біледі. Бүгінгі таңда олардың қолында қала көшелерінде мүлде жоқ немесе сынған, көлік қаққан жол белгілерін орнату бойынша бірқатар ұйғарымдар бар. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, жыл санап қаламызда тұрғын үйлердің қарқынды салынуы мен әлеуметтік нысандар бой көтерген қазіргі жағдайда жол инфрақұрылымын дамытуға басымдық беру маңызды болмақ. Бұл тұрғыда, кейбір жағдайларда көлік ағынының қозғалысын реттейтін белгілердің болмауы балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндігін ескерген жөн.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар