ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ЖЕРТӨЛЕДЕГІ ХАУЫЗҒА НАРАЗЫ

13:38, 25 ақпан 2021

Өскемендегі Қазыбек би көшесіндегі тұрғын үйдің жертөлесінде салынған хауыз кешені тұрғындарды алаңдатуда. Ал жертөлені жалға алған кәсіпкерлер бізде бәрі заңды, тұрғындар жала жауып отыр дейді. Мәселенің анық-қанығын тілшіміз айтсын. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында тұрғындар арнамызға хабарласқан болатын. «Баяғы жартас – сол жартас». Жағдай содан бері еш өзгермесе керек. Әсіресе, хауыздың дәл төбесіндегі үйлердің тұрғындары наразы. Пәтерлерінде ылғал көбейіп, тіпті, қабырғаларында сызат пайда болған. Жаңа үйде аяқ астынан мұндай мәселе болмауға тиіс. Бұған кінәлі хауызды орнатқан кәсіпкерлер,-дейді үй тұрғындары. Өзге үйлерде де келеңсіздіктер жоқ емес. Оларда да ылғал пайда болды, хлор иісінің кесірінен дұрыстап дем алудан қалдық дейді. Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Жамал Жақыпованың айтуынша, хауызға үйдің барлық тұрғындары қарсы. Бастапқыда дүкен немесе дәріхана саламыз дегенде үй тұрғындары келісім берген. Алайда жалға алушы хауыз орнатқан. Бірақ, тұрғындардың келісімін алмаған. Жалға алушы кәсіпкерлердің де айтар өз уәжі бар. «Олар жала жауып, бізді нәпақамыздан айырмақшы,- дейді Евгений. Тұрғындар шағымынан кейін құзырлы органдар бірнеше қайтара тексеріс жүргізіпті. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлердің айтуынша, олардың кәсібі бірінші кезекте сауықтыруға арналған. Ал ерекше күтімді қажет ететін балаларға олар тегін қызмет көрсетеді. Егер орталық жабылар болса, 20-ға жуық маман жұмыссыз қалады дейді. Бұл мәселеге орай заңгердің де пікірін білдік. Істі насырға шаптырмай Тоқетерін айтқанда, мұндай мәселе тұрғындардың келісімі арқылы шешілуі керек дейді заңгер.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар