
Үржар ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл тұрғындардың әл-ауқаты мен ауданның экономикасын арттыруға бағытталған. Бағдарлама аясында аудан орталығында 60 пәтерлі тұғын үй бой көтеруде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға шақ.
60 пәтерлі тұрғын-үй құрылысы аяқтала салысымен, көпбалалы отбасыларға, тұрмысы төмен жанұяларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және ұстаздар мен дәрігерлерге беріледі деп күтілуде.
Мердігер компания тұрғын-үйдің сапасын қатаң бақылауда,дейді. Себебі, жергілікті тұрғындарды жайлы, жылы, сапалы пәтерлермен қамтамасыз ету-басты мақсат.
Бұл тұрғын үйлердің құрылысы 2020 жылы басталған. Пәтерлерді жақын арада тұрғындарға пайдалануға беру жоспарланған.