ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ ӨНІМДЕР НЕГЕ ЖЕТКІЛІКСІЗ?

13:40, 2 сәуір 2021

2021 жылға тұрақтандыру қорын жасақтау үшін жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 5 700 тонна көкөніс өнімдері сатып алыныпты. Алайда Өскемен тұрғындары тұрақтандыру қорындағы өнімдердің тапшы екендігін, дүкен сөрелеріндегі тауарлардың тез таусылып қалатындығын айтуда. Мұның себебі неде? Бұл туралы  келесі материалда. Зейнеткер Надежда Хабарова тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінен көкөністерді арзан бағамен сатып алады. Мұнда картоптың құны - 82 теңге, ал басқа сауда нысандарында екі, тіпті үш есе қымбат. Тұрақтандыру қорындағы сатушының айтуынша, күн сайын картоп аз мөлшерде әкелінеді. Сондықтан оны арзан бағамен сатып алғысы келетіндердің барлығына бірдей жетпейді. "Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма төрағасы Эльдар Тұмашинов баспасөз конференциясында қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді. Қазіргі уақытта бағаны белгілеуге байланысты көкөніс өнімдеріне сұраныстың артқанын атап өтті. Тұрақтандыру қорының өнімдері сатылатын сауда нүктелерінде жүргізілген мониторинг те көңіл көншітпей отыр. Әлеуметтік бағамен азық – түлік жеткізу депутаттар мен "Шығыс-Адалдық алаңы"жобалық кеңсесі өкілдерінің бақылауына алынды. Шартқа сәйкес тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізу мерзімдері белгіленген. Мысалы, қырыққабатты сату мерзімі 1 сәуірде, сәбіз және пиязды сату 15 сәуірде, картопты сату 15 мамырда  аяқталады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар