ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

17:31, 23 қараша 2021

Тұңғыш Президент күні 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент сенатының отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау тапқан мереке. Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін айтулы мейрамның маңызы да ерекше. Биыл 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай, Шығыс Қазақстан облыстық  сәулет-этнографиялық табиғи ланшафт музей-қорығында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың құрметіне «Қазақстан жолы. Тарихи тұлғаның орны» атты көрме ашылды.Тұңғыш Президент күні мерекесі 2012 жылдан бері кең көлемде тойланып келеді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы өтті. Міне, осынау тарихи күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда  98,7 % дауысқа ие болып, ел Президенті атанды.Көрмеге қойылған кітаптар мен фотосуреттерді жергілікті мұражайға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі тарту еткен. Экспозицияда егемендік алғанға дейінгі уақытты қамтитын дүниелер қойылған. Сондай-ақ сақтар заманынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді де тамашалауға болады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар