ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Тұғыры биік туынды

13:30, 4 қазан 2021

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры кезекті 22-ші театр маусымын бастады. Бұл маусым көрерменге қазақ классикасындағы орны бөлек шығарма «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» трагедиясымен жол тартты.Өскемендегі драма театр осыдан 21 жыл бұрын  Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклімен ашылған еді. Арада жылдар өткен соң түбі бір түркі жұртына ортақ классикалық туындының премьерасы қайта көрерменімен қауышып отыр. Бір-бірін құлай сүйген ғашықтар трагедиясы театр сахнасында жаңаша форматта сахналанды. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі шынайылық пен сезімге, сүйіспеншілікке толы екі ғашықтың кіршіксіз таза махаббат хикаясы. Туындының негізгі идеясы – адал махаббат. Сарыбай мен Қарабай күні бұрын Қозы мен Баянды атастырып, кейін келе сараң Қарабай жетім ұлға қызын бергісі келмей Қодарға қоспақшы болады. Шығарма қос ғашықтың тастай берік махаббатының Қодар бейнесіндегі зұлымдыққа қарсы тұруын суреттейді. Театр маусымының ашылуына келген көрермендерге арналып ұлттық киімдер орналастырылған фотоаймақ қойылды. Ал қойылым алдында сахнада "Аластау" рәсімі және актерлердің қатысуымен көрініс көрсетілді. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасы - XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма көптеген шет тілдерге аударылып, ел ішінде 30-дан астам нұсқасы бар делінеді. Сондай-ақ, салтанатты шара барысында өнерде жетістіктерге жетіп, белсенділік танытқан қызметкерлер қала әкімінің, облыстық Мәдениет басқармасының және театр басшылығының атынан алғысхаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар