ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Трансплантацияны дамыту

13:32, 4 тамыз 2022

ШҚО қан орталығының базасында транспланттауды дамыту үшін тіндерді иммунологиялық типтеудің жергілікті зертханасы ашылды. Ол 133 млн теңгеден астам сомаға жоғары мамандандырылған құрылғылармен жабдықталған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда өмірлік маңызды ағзаларды ауыстыру бойынша 2073 күрделі ота жасалған. Трансплантацияны сәтті жүзеге асыруда донор мен пациенттің үйлесімділігін зертханалық зерттеу, трансплантацияланған ағзалар мен тіндерді HLA деп атайды. Бұл зерттеулерді қан қызметінің тіндерін иммунологиялық типтеу зертханалары жүзеге асыруда. Енді, мұндай тың жоба Өскемен қаласында қолға алынбақ.

Енді трансплантацияға мұқтаж пациенттер, сондай-ақ жарамды донорлар шетелге шықпай-ақ үйлесімділікке қажетті зерттеулерді жүргізе алады.

Аталған зертхана донорлар мен реципиенттерді типтеуді, трансплантацияланатын ағзалар мен тіндердің үйлесімділігін анықтауды ғана емес, сондай-ақ өңірде және жалпы елде трансплантологияны дамыту бойынша бірқатар басқа да маңызды функцияларды орындайтын болады.

 

                                                                                                            

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар