ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТРАМВАЙДЫҢ ЖОЛ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

13:38, 9 сәуір 2021

Трамвайдың жол ақысы көтеріледі деген әңгіме жыл басынан бері айтылып келеді. Сол кезде тасымалдаушы компания қалалық экономика бөлімі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдеріне жүргізген есептерін өткізген болатын. Ақпан айындағы қоғамдық кеңесте бұл мәселе жан жақты талқыланып, олар өз келісімдерін берген еді. Соңғы рет трамвай тарифтері 2015 жылы көтерілді. Содан бері ересек адамдарға жол ақысы 65 теңге, балаларға 35 теңге болды. Қосымша 15 теңге кәсіпорынның инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ, компания қызметкерлердің жалақысын қайта қарауды жоспарлап отыр. Өйткені соңғы рет жұмысшылардың жалақысы 2016 жылы көтерілген екен. Кәсіпорын ескірген трамвайларды жөндеу үшін келісімшарт жасасқан. 5 вагон жөнделеді деп күтілуде. Айта кетер жәйт, трамваймен күніне қалада 14 мыңға жуық адам қатынайды. Соның 8 пайызы электронды билеттеу әдісімен жол ақысын төлеуде.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар