ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

«Төр Алтай жырлайды» фестивалі

17:17, 14 шілде 2021

«Төр Алтай жырлайды». Бүгін Өскеменде осындай атаумен поэзия фестивалі өтіп жатыр. Мәдени шара аясында қаладағы Пушкин атындағы облыстық кітапханада елімізге танымал ақындармен кездесу ұйысдастырылды. Облыстық Мәдениет басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан филиалы ұйытқы болған фестиваль аясындағы кездесуде оқырмандар, шығармашыл жастар, әдебиет сүйер қауым танымал ақындармен жүздесіп, емен-жарқын сұхбат құрды. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет мұндай тағылымды шаралардың маңызы зор екендігін айтады.     Кездесу барысында ақындар әдебиет, руханият жайындағы ойларын ортаға салып,  өз өлеңдерінен үзінді оқыды. Олардың айтуынша мұндай шаралар тек ақын-жазушыларға ғана емес, жас ұрпақ үшін де қажет. Айта кетейік, поэзия фестивалі аясында қаладағы Оралхан Бөкей атындағы кітапханада елімізге танымал жазушылармен кездесу өтті.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар