ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ТІРІ БОЛСА ДА, ТІЗІМДЕ ЖОҚ ЖАНДАР

13:32, 25 ақпан 2021

Тірі болса да, тізімде жоқ жандар. Шығыс Қазақстандағы психикалық денсаулық орталығында құжаты жоқ 30-ға жуық адам тұрып жатыр. Олардың кейбірі тіпті өздерінің кім екенін де білмейді. Ұлан ауданының Жаңа Қанай ауылындағы жүйке ауруларын емдейтін мекемеде 135 науқас бар. Бірақ оның 24нде ешқандай құжат жоқ. Белгісіз жандардың жасы да, осы жерге келген уақыты да әртүрлі. Мысалы, Андрей Павленко есімді азамат 40 жылдан бері осында. Белгісіз жандардың бірі дұрыс сөйлей алмаса, енді бірінің ақыл-есі кем. Көбі өткен күндерін толық есіне де түсіре алмайды. Ал кейбірі өзінің кім екенін де білмейді. Оларды ауырған кезде ешбір мекеме қабылдамайды. Мүгедектік рәсімдеп, интернатқа орналастыру тіпті мүмкін емес. Орталыққа қарасты өзге де мекемелерде осындай белгісіз жандар бар. Олардың жалпы саны 30-ға жуық. Құжатын түгендеп, адам тізіміне қосу үшін талай қызметкерлер талай әуре-сарсаңға түсіпті. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Өңірдегі көші-қон қызметі болса, қол қусырып отырған жоқпыз дейді. Бірақ, белгісіз жандардың төлқұжатын жасау кезінде бірқатар қиындық барын жасырмады.  Белгісіз жандарды бағып-күту үшін мемлекеттен ақша да берілмейді. Сондықтан олар орталықтағы өзге науқастарға бөлінген қаражат есебінен күн көріп, жабық мекемеде жасырын өмір сүріп жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...