ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ - ЖАСТАР

17:17, 17 ақпан 2021

Тәуелсіздік алғаннан бері жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді. Түрлі ұйымдар құрылып, мектеп қабырғасынан жастардың жалынды болып өсуіне ықпал ету Егемен елдің басым бағыттарының біріне айналды. Асылында Тәуелсіздіктің тірегі – жастар. Білімді ұрпақ кемел келешектің кепілі. Салиқалы ұрпақ тәрбиесі – ұстаздар қолында. Қазақстан дербестігін жариялаған тұста дүниеге келген Толқын Дүсіпова бүгінде тәжірибелі мұғалім. Тәуелсіздіктің төл құрдасы қазіргі таңда балалар бойында ана тіліне деген махаббатты оятып, тереңіне бойлату үшін тер төгіп жүрген маман. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы атанғанына жеті жылдың көлемі болды. Иә, ел егемендігі тұсында өмірге келген ұрпақтың санасы еркін, ойы азат. 10 сынып оқушысы Темірлан Мәліков ел болашағы жастарға тікелей байланысты екенін жақсы түсінеді. Жасөспірімнің мақсаты айқын. Келешекте Қазақстанның мәдениет саласына сүбелі үлес қосқым келеді,- дейді Темірлан. Ал Айдана Абзалбек тіл маманы болғысы келеді. 8 сынып оқушысы бүгінде ағылшын тілін еркін меңгерген. «Артылған үмітті ақтау – ұрпақ борышы» дейді оқушы. Ел ертеңі осы жастардың қолында. Өскелең өрендердің өрісі кең болу үшін жасалып жатқан жағдай, бөлінетін көңіл ерекше. Тек ұтымды қолдана біліп, біліміне сенген ұрпақтың ғана болашағы жарқын болмақ. Ал жастары жалынды елдің алар асуы көп.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар