ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ

17:39, 26 ақпан 2021

Тәуелсіздік таңының атқанына биыл 30 жыл. Сан саладағы жетістіктер жетерлік. Әлбетте бұл жолда тәуелсіздік құрдастарының да қосқан үлесі зор. Еліміз егемендікке қол жеткізген жылы дүниеге келген ұл мен қыздар бүгінде 30 жасқа келді. Қазақстан егемендігін алған сәт шеттегі талай қандастарымыздың үміт отын маздатты. Тарихи Отанына оралу мүмкіндігі туғанда олар ойланбастан еліне бет алды. Актриса Айгүл Хамитқызы еліміз егемендігін жариялаған тұста Қытай жерінде дүниеге есігін ашқан. Сәбидің туғаны ел егемендігін жариялаған уақытпен тұспа-тұс келгенін ата-анасы жақсы ырымға балап, кейіннен Отанына оралады. Ал Өскемендегі жастар театры Айгүлдің мүлде басқа қырынан бағын сынауға мүмкіндік берді. Жаңа тынысы ашылып, ол театрдағы мансабына білек сыбана кірісті.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да еліміздің жастарының рухани кемелденіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, елімізде талантты жастарды көтермелеу тетіктері іске қосылды. Мәселен, 1992 жылдан бері ғылымдағы, шығармашылықтағы, қоғамдық қызметтегі, спорттағы жетістіктері үшін жастарға жыл сайын мемлекеттік «Дарын» сыйлығы тағайындалып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар