ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Тең мүмкіндіктердің әлемі

17:15, 15 қазан 2021

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды. Нақтырақ айтқанда, балалар енді жаңа паралимпиадалық спорт түрі – боччамен еркін айналысуға мүмкіндік алады. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы ерекше күтімді қажет ететін балаларға спортпен айналысып, өмірге деген құлшынысын арттыруға көмектеседі. Бүгінге дейін ел көлемінде 15 орталықты қамтып келген қор мүшелері енді Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының да тәрбиеленушілерін қуантып отыр. Орталық директоры мен қор жетекшісі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойысып, «бочча» бойынша алғашқы жаттығу мен ойын түрін де көрсетті. Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бүгінде 143 бала тәрбиеленуде. Мұнда ашылып жатқан бочча ойыны церебральды сал ауруымен ауыратын немесе басқа да бойында зақымы бар жасөспірімдерге пайдалы. Орталық директоры бочча балаларды дамытып қана қоймай, болашақта бұл спортта үздіктердің шығуына да мүмкіндік береді деген үлкен сенімде. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа арнайы мамандарды да ала келген. Соның бірі реабитолог маман Айнұр Нұрқожаева. Бүгінгі алғашқы жаттығуда үздік ойын көрсеткен балалардың бірі- Еркежан. Ал анасы қызын қолдауға келіп отыр. 7 жылдан астам уақыт орталықтың көмегіне сүйеніп келген Индира ханым балалар үшін жаңа спорттық ойын түрі жан-жақты дамуға көмектеседі деп сенеді. Орталықта ұйымдастырылған алғашқы ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз команда ойыншыларына медальдар мен сыйлықтар табысталды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар