ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ТЕМІРЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА ОҚЫС ОҚИҒАЛАР АЗАЙМАЙ ТҰР

17:19, 18 қаңтар 2021

Өңірдегі теміржолдардың бойында  оқыс оқиғалар азаймай тұр. Әсіресе пойыздардың төрт түлікті қағып кету фактілері де құқық қорғау саласы мамандарын да, тұрғындарды да алаңдатып отыр.  Тілшіміз мән-жайды анықтап көрді. Жыл бастала салысымен темір жол бойында оқыс оқиға болды. Жуырда Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөліміне «Ұлан-Жаңа-Өскемен» бағытында жүк пойызы жылқыларды қағып кеткені туралы хабарлама түскен. Жүк пойызының машинисті жедел тежеуді қолданғанымен, апаттың алдын ала алмаған. Өкінішке қарай, темір жолдың бойында жайылып жүрген мал саны азаяр емес. Пойыздың төрт түлікті қағып кетуі техниканы зақымдап қана қоймай, қозғалыс кестесін бұзатыны, сонымен қатар мал иесінің өзіне де қыруар шығын  әкелетіні белгілі. Осы мақсатта көліктегі полиция бөлімі қараусыз жүрген төрт түлікке арналған айып тұрақтарын әзірлепті. Ал теміржолға жақын орналасқан ауылдың тұрғындары не дейді? Біз Айыртау ауылының тұрғындарын пікірін білдік. Көліктегі полиция бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың басынан бері Өскемен-1 станциясына қарасты аумақта пойыздар 6 рет шұғыл тежеуге басуға мәжбүр болған.  Оның екеуі адамдардың салғырттығынан, 4 оқиға темір жолға малдың шығып кетуі себебінен болған.

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар