ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ТАРЛАНДАРЫ

13:38, 4 наурыз 2021

Бүгінде өңірімізде әр саланың тізгінін ұстап, оны отбасылық кәсіппен жалғаған еңбек майталмандары аз емес. Тәуелсіздік жылдарында темір жол саласында ерен еңбегімен, қажыр-қайратымен еліміздің көркеюіне үлесін қосқан азаматтардың бірі – Талғат Түспаев. Аталмыш салаға саналы ғұмырының 40 жылдан астам уақытын арнаған жан бүгінде зейнет жасында. Теміржолшы мамандығының бір ерекшелігі темірдей тәртіпті талап етеді. Табиғаттың тосын мінезіне қарамай, жолаушыларды тасымалдау оңай шаруа емес. Жүктелген міндетті абыроймен атқару үлкен жауапкершілік жүктейді. Мейрам, демалыс атаулыға бағынбайтын бұл салада таңды таңға ұрып, жолда шыңдалып жүре беретін жайттар аз кездеспеді дейді зейнеткер теміржолшы. Теміржолшы мамандығын ұрпақтан-ұрпаққа жалғаған отбасының бүгінде жеті бірдей мүшесі осы салада еңбек етеді. «Әке көрген оқ жонар» демекші,  Талғат Түспаевтың қызы Динараның теміржол саласына келуіне атасы мен әкесінің ықпалы болған. Бала күнінен теміржолшының қызығы мен қиыншылығы туралы естіп өскен ол кейіннен осы салада жұмыс істеуге бел буған. Темірлі жолды, темірді ырқына көндіріп, алысты жақындатқан, ауырды жеңілдеткен отбасының қажымас қайратына, болаттай беріктігіне қайран қаласың. "Жас келсе іске" демекші, бүгінде Талғат Түспаевтың балалары жастық жалыны мен бар күш-жігерін теміржол саласының дамуына жұмсап келеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар