ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Темір жол бойындағы қауіпсіздік

13:36, 17 қыркүйек 2021

Өңірдегі темір жол көлігі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түйіткілді мәселе көп. Мәселен, жыл басынан бері үлкенді-кішілі 88 жағдай тіркелген. Апаттың алдын алу мақсатында Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің мамандары тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Көліктегі полиция  департаментінің Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері пойыздарды жедел тоқтату фактілері жиілеген. Оған себеп, жолдағы жаяу жүргіншілер мен  қараусыз малдардың  жүруі. Ал жүрдек пойызды шұғыл тоқтатқан кезде тиелген жүкке де, жолаушылардың өміріне де қауіп төнуі мүмкін. Желілік полиция бөлімі мамандарының айтуынша күз мезгілінде қараусыз малдың жолда жүруі жиілеп кетеді. Ал темір жол бойында орналасқан шағын ауылдар мен шаруа қожалықтары иелігіндегі төр түлігін қараусыз қалдырса, одан айырылып қана қоймай, айыппұл да арқалайды. Мәселен, жыл басынан бері темір жол бойында мал жайғаны үшін 60 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Қорыта келгенде сала мамандары темір жол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, арнайы белгілермен ғана жолдан өтуді, сондай-ақ отарба жолына жақын жерде мал жаймау және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар