ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

13:32, 20 қаңтар 2021

Елімізде ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап темір жол билеттерінің бағасы қымбаттайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мәлімдеді. Билет бағаларының қымбаттауы барлық әлеуметтік маңызы бар, аймақаралық және қала маңындағы бағыттарда қатынайтын пойыздарға қатысты. Алайда, «Жолаушылар тасымалы» өкілдері атап өткендей, билет құны оны қанша уақыт бұрын алғанға байланысты өзгеріп отырады. Өткен жылы коронавирус пандемиясы салдарынан темір жол тасымалы саласы біраз қиындықтарға тап болды. Атап өтсек, төтенше жағдайға байланысты пойыздардың қозғалысы тоқтап та қалған болатын. Теміржол тасымалындағы алдағы болатын өзгерістерге байланысты қала тұрғындары пікірін білдік. Жолаушылар тасымалы өкілдері атап өткендей, олар бағаны ғана емес, көрсетілетін қызмет сапасын да көтермек ниетте. Осыған байланысты еліміз бойынша қатынайтын бірнеше бағыттардағы пойыздарда вагондар алмастырылады. Өңірімізге қатысты айтар болсақ, Алматы-Өскемен, Қызылорда-Семей, Нұр-Сұлтан-Семей бағытындағы пойыздар жаңартылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар